Дәл қазір Оралда 9 мамыр – Жеңіс күніне орай мерекелік шеру өтуде.
Мерекелік шараға жиылған жұрт туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы жолында жанын қиған боздақтарды еске алды.
Салтанатты жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиев батысқазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
Жиылған қауым «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына тағзым етті.
Сонымен қатар қаламыздағы «Бауырластар зираты» мен «Қазақ халқының даңқты қыздары» ескерткіші алаңында, Г.Жуков, Т.Масин ескерткіштері және «Ол күндердің даңқы өшпейді» монументінде гүл шоқтары қойылды.
1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына Ақ Жайық өңірінен 80 мыңға жуық азамат аттанды. Олардың 36 мыңы Отанымыздың бостандығы үшін өз өмірлерін қиды.
Гүлмира Сарсенғалиева
Суреттерді түсірген автор
zhaikpress.kz