21.02.2022, 16:00
Оқылды: 133

Билл Гейтс жаңа пандемияны болжады

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс COVID-19 ауыр ағымының қаупі айтарлықтай төмендегенін, бірақ тағы бір пандемия келе жатқанын айтты.

418b575505e56275b55ac8376568550e_resize_w_742_h_365

Гейтс Германиядағы жыл сайын болатын Мюнхен қауіпсіздік конференциясында CNBC-ге сөйлеген сөзінде COVID-19-дың қаупі төмендегенін айтты.

"Егде жастағы, семіздікпен, қант диабетімен ауыратын адамдар үшін бұл инфекцияның қаупі күрт төмендеді ", - деді ол.

Алайда оның пікірінше, әлемге тағы бір пандемия келеді.

"Әлемге тағы бір пандемия келеді. Жаңа пандемия коронавирус отбасынан басқа патогенмен байланысты болады", - деп қосты ол.

Гейтс, егер инвестиция қазір салынса, медициналық технологиядағы соңғы жетістіктер жаңа пандемиямен жақсы күресуге көмектесетінін айтты.

"Егер барлық ел Аустралия сияқты әрекет етсе бұл пандемия болмас еді", - деді ол.

 NEGE. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале