Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың мәлімдегеніндей, жаңа 2018-2019 оқу жылында облыстағы 379 мектепте 100 мыңнан астам оқушы білім алмақ.
Оқушылар контингентінің азайып, талапқа сай келмеуі себепті 3 бастауыш мектеп жабылады деп жоспарлануда.
2018-2019 оқу жылында, болжамды мәлімет бойынша, 1 сыныпқа 12 490 оқушы қабылданады деп күтілуде (2017 жылы - 11 263 бала).
2018 жылы жергілікті бюджеттен оқулықтарды сатып алу үшін 2 730 млн.теңге бөлінді. Облыс бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты 4,6,8 сыныптарының барлық оқулықтары, мектепалды даярлық сыныбы мен арнаулы мектеп оқулықтарына, 1 сыныптарға арналған дәптерлерді, ағылшын тілде оқытатын тапсырыс берілді. Баспалармен келісім шарттар жасалып, алдын ала төлемдер жүргізілді. Оқулықтарды тасымалдау осы айдың 10-нан басталады.
zhaikpress.kz