19.04.2023, 17:00
Оқылды: 425

БҚО-да алимент төлеуден қашқан 50 адамға іздеу жарияланып, тоғыз ер адамға қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр

Облыста алимент төлемей жүрген екі әке қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал тоғыз ер адамға қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Өзге емес, өз баласына алимент төлеуден қашып жүрген 35 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде 24 адам қамауға алынған. Бұл туралы БҚО Прокуратурасы мәлімдеді.

тенге

Біздің ер азаматтарымыз өз баласына алимент төлеуден неге қашады?

Алимент өндіру деген прокуратура органдары үшін де қазір басты басымдық берілген жұмыс бағыты болып отыр.

БҚО Прокуратурасында дәл қазіргі уақытта 14 мың балаға қатысты алимент өндіру ісі қарастырылып жатыр екен. Бұл тек биылғы жылдың үш айындағы көрсеткіш. Алиментті өндірумен БҚО Әділет департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы айналысады.

БҚО-да баласына алимент төлеушілердің қарызы 20 миллионды құрайды. Бұл тек үш айдың қарызы. Прокуратураның мәліметінше өндірісте 10,5 мың құжат жатыр.

Алиментті өндіруде ең жиі кездесетін кедергі жұмыссыздық. Биылғы жылдың үш айында алиментке қарызы бар 78 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 118 әке есепке алынған.

Өкінішке орай азаматтар алиментті өз еріктерімен төлемейді. Бұл ретте мәжбүрлеу шаралары да қолданылады. Тіпті кейде есепшоттары бұғатталып, шет елге шығатын жолдары да жабылып жатады.

– Жыл басталғалы баласына алимент төлемей жүрген 47 әкенің жүргізуші куәлігі уақытша жарамсыз деп тоқтатылды. Елу әкеге іздеу жарияланды. 76 адамның Қазақстаннан шығуына бөгет қойылды, 68 әкенің банк есепшоттары бұғатталды, - дейді БҚО Прокуратурасының мамандары.

Бұдан бөлек, алиментті жалақыдан ұстап қалу арқылы да өндіріледі. Мәселен биылғы үш айда 7 мың адам 800 миллион алимент төлеген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале