14.05.2021, 19:31
Оқылды: 234

БҚО-да «Aqjaiyq Invest-2021» форумы өтті

Бүгін облыс әкімдігінде «Aqjaiyq Invest-2021» инвестициялық форумы өтті. Онлайн режимде өткізілген шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Зебешев, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, «КПО б.в» бас директоры Габриеле Джиона қатысты. Сонымен қатар Израиль, Австрия, Бельгия, Ресейдің шекаралас өңірлері елшіліктерінің өкілдері, «АХҚО», «Даму», бизнес институттарының өкілдері әлеуметтік желілер арқылы форум жұмысына қосылды.

 2

Аталған шарада нақты инвестициялық тизерлер таныстырылып, облыстың инвестициялық әлеуеті туралы айтылып, мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары бойынша түсініктемелер берілді.

12

- Бүгінгі форум елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде өткізілді. Дәстүрге айналған шараны жаңа форматта ұйымдастырудың арқасында қатысушылардың аясы кеңейе түсті. Бір ғана «Ютуб» желісі арқылы 120-дан астам адам қосылып, шетелдік әріптестеріміз өздерінің тың жобаларын ұсынуға мүмкіндік алды.

3

Бұл форумның басты мақсаты – өңіріміздің ивестициялық әлеуетін көрсету, 100-ден астам инвестициялық жобаны таныстыру болатын. Сондай-ақ басқосуда шетелдік инвесторға біздің тарапымыздан көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктер жөнінде де айтып бердік.

7

Қазіргі уақытта инвесторлармен жұмыс жасаудың жаңа форматы қалыптасуда. Нақты жүзеге асып жатырған жобалар да, болашақта іске қосылады деп жоспарланғаны да баршылық. Осы кезге дейін инвестиция тарту барысында тек мұнай-газ саласына басымдылық берілген болатын.

6

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы мен тамақ өндірісі, жаңа құрал жабдықтар мен құрылысқа қажетті материалдар шығарушы кәсіпорындар және машина жасау компанияларын құруға аса назар аударылып отыр. Бұл бизнес түрлерін облыс аумағында жасақталып жатырған индустриалдық аймақтың базасында дамыту көзделуде.

17

Бұрын белгілі бір келісімге келу үшін жүзбе-жүз кездесуіміз қажет болса, енді көптеген істер қашықтықтан атқарылуда. Бұл кез келген инвестор үшін ашық және өте ыңғайлы болуда. Бүгінде «Aqjaiyq Invest» атты өз брендіміз бар, «invest07.gov.kz» порталымыз және "Бизнеске арналған үкімет" кеңсесі жақсы жұмыс жасауда. Осы бастамалардың барлығы өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыруға өзінің оң септігін тигізеді деп санаймын, - деді Мұхтар Манкеев.

22

 Нұрбек Оразаев,

zhaikpress

«Aqjaiyq Invest-2021» инвестициялық форумы туралы мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің сейсенбі күнгі санынан оқи аласыздар.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале