Облыс аумағында елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында жол картасы және инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде іс-шаралар кешені өткізілуде.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, облыс бойынша су тасқынына қарсы 80 іс-шара орындалды, сондай-ақ жоспардан тыс қосымша 9 елді мекенде қорғаныс бөгеттерін орнату және нығайту жұмыстары жүргізілді.
3 мыңнан аса адам, 700-ге жуық техника, 70-ке жуық жүзу құралдары және 265 мотопомпаны құрайтын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының алдын ала гидроболжамына сәйкес, Утва, Шежін-2, Деркөл, Шаған, Өлеңті және Шідерті өзендерінің бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәндерден 33-96%-ға төмен.
Сондай-ақ, алдын ала гидроболжамға сәйкес, облыс су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарына кіреді.
Облыста бүгінгі таңда су тасқыны жағдайы тұрақты. Дайындық жұмыстары жалғасуда.
zhaikpress.kz