12.11.2021, 23:57
Оқылды: 37

БҚО-да ер адам ауылдасын ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында ер адам ауылдасын ұрып өлтірді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға Орал қаласына қарасты Серебряков кентінде болған.

3686B0FC-FC67-4CEC-8679-31A1296CB362

А. есімді 54 жастағы ер адам өзінің үйінде 1978 жылғы Т. деген ауылдасымен бірге арақ ішкен.

Соның барысында өзара келіспеушілік салдарынан Т. үй иесіне дене жарақаттарын салып, кетіп қалған.

66A9CDE1-E3F3-44A2-8E03-0F99CC942B47

«Келесі күні Т. қайта келгенде, А-ның ес-түссіз жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Әйтсе де 54 жастағы ер адам ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Күдікті сол күні қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұдан бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (кісі өліміне соқтырған дене жарақатын салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

9B7DAE29-823B-4310-8898-058AA66DD5E0

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәбидің көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале