30.10.2021, 10:38
Оқылды: 53

БҚО-да карантин күшейтіледі

Облыстағы кафе, мейрамханалардың қызмет уақыты түнгі сағат 23.00-ге дейін қысқарып, түнгі мезгілде көшеде бейсауыт жүрген аутокөліктер тексеріледі. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында айтылды.

31152140-E399-41E3-ABEC-F8269185AA55

Облыстың бас санитары Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, 1 қазаннан бері өңірде 1362 адам КВИ жұқтырған. Соңғы тәулікте көршілес Ресейде коронавирус бойынша ахуал күрделенген. 28 қазан күні Самара облысында 1357, Волгоград облысында 356, Саратов облысында 510 науқас тіркелген.  Соған орай облыс аумағындағы мемлекеттік шекараларда санитарлық-карантиндік шаралар күшейген. Төрт шекаралық бекетте 12 санэпид маманы тәулік бойы шекараға келген көліктің жүргізушілері мен жолаушыларын тесеруде. Саратов қаласына жұмыс барысымен барған оралдық үш азаматтың коронавирус жұқтырғаны шекарада анықталған. Қазан айы басталғалы 1102 шетел азаматы мемлекеттік шекараға ПТР анықтамасыз келіп, Орал қаласына кірмек болған. Алайда олар шекарадан кері қайтарылған. Облыс аумағында індет жұқтырушылардың дені Орал қаласы мен Бөрлі, Бәйтерек аудандарында. Сондай-ақ соңғы айда оқушылар арасында 266, мұғалімдердің 59-ы КВИ жұқтырған. Соған байланысты алты мектептегі жеті сынып карантинге жабылған.

Бүгінде облыста 137 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар осы айда 4449 рейд  жүргізіп, 351 құқықбұзушылық, яғни карантиндік-санитарлық талаптарды бұзған нысандарды анықтаған. Құқық бұзған кәсіпкерлік нысандарына ҚР Әкімшілік кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынып, бірқатарының қызметі екі айға  тоқтатылған. Қызметі тоқтатылған қоғамдық тамақтану орындарына тоқталсақ, олардың қатарында "Айбат", "Юбилейный" банкет залдары, "Бәйтерек" кафе рестораны, "Қоржын", "Самал" ресторан кешені бар.

A5E7FBEB-51AB-45B1-85CC-37485F8AECEF

Сондай-ақ штаб отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков баяндама жасап, коронавирус індетінің ағзаға әсері, емдеу тәсілдері және сақтық шаралары туралы айтты.

- Өздеріңізге мәлім, көршілес Ресейде эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, ауруханаларында орын болмай жатыр. Облысымыз коронавирустың таралуы бойынша матрица кестесіне сәйкес, "жасыл" аймақта. Десе де індетті жаңадан жұқтырушылар саны азаймай тұр. Санитарлық-карантиндік талаптарды сақтамай, босаңсуға негіз жоқ. Коронавирустың салдары әлі толық зерттелмеді. Індетті жұқтырмау, әр адамның жауапкершілігіне байланысты. Облыстың бас санитар дәрігеріне карантин талаптарын күшейтуді тапсырамын. Шекарадан өту талаптарын күшейтіңіздер. Кафе, мейрамханалардың уақытын түнгі 23.00-ге дейін шектеңіз. Тағы басқа да шектеу шараларын енгізіңіз. Өйткені еліміздің өзге облыстарында және көршілес мемлекеттерде эпидахуал күрделеніп барады. Бұл жағдай бізге де келуі мүмкін. Сондықтан қауіптің алдын алайық, - деді жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев.

B43B26BE-0ECC-43C4-8E6F-EAC49A68100A

3EC3D707-FAF4-46EB-9732-72E2DFAA8298

CE43BC2B-5E67-41E3-B88C-B94A642F83B7
A45CDFCE-C808-4392-B941-44CAB0BBF31B

DDCAE654-2207-4431-9986-C9AE97A350A3

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале