9.11.2020, 13:05
Оқылды: 122

БҚО-да қараша айы басталғалы бері коронавирус жұқпасының 250 жағдайы тіркелген

Бұл жөнінде бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев баяндады.

IMG-20201109-WA0017

- Облыс бойынша індет басталғалы бері COVID-19-дың 7274 жағдайы тіркелді, оның ішінде симптомдармен - 3558 және симптомсыз 3716 жағдай, сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1103,1 құрады.

6898 адам сауығып, 121 адам қайтыс болды.

Апта сайын коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың орта есеппен 38% - ға өсуі байқалады. 41 аптада 16 жағдай, 42 аптада 34 жағдай тіркелді. 43 апта бойынша 47 жағдай, 44 аптада 237 АЖ тіркеліп отыр.

Қазан айында жұқпаның 161 жағдайы тіркеліп, оның ішінде белгілері бар - 95 жағдай, симптомсыз - 66 жағдай, анықталмаған пневмония вирусы (U07. 2) - 11 жағдайды көрсетті.

Стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында 32,3% (52 жағдай), эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша байланыста болған адамдарды тексеру кезінде 29,8% (48 жағдай), медициналық ұйымдарға өздігінен жүгіну кезінде 23% (37 жағдай), алдын алу мақсатында жұмысқа шығар алдында және ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде 14,9% (24 жағдай) тіркелген.

1-9 қараша аралығында коронавирустық инфекцияның барлығы 250 жағдайы, оның ішінде белгілері бар 76, белгілері жоқ 174 жағдайы тіркеліп отыр.

Аталған жағдайлар байланыста болған адамдарда инфекция ошақтарын тексеру кезінде 43,2% (108), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында 32% (80), ЖРВИ белгілерімен өзін-өзі жүгінген кезде 13,2% (33), кәсіптік мақсат 11,6% (29), оның ішінде 5 жағдай анықталды.

Қазіргі уақытта Орал қаласы бойынша барлығы 178 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 71,2% құрайды.
Аудандар бойынша: Бөрлі ауданында 19 жағдай, Бәйтерек ауданында 8 жағдай, Жаңақала ауданында 5 жағдай, Жәнібек ауданында 2 жағдай, Казталов ауданында 1 жағдай, Қаратөбе ауданында 3 жағдай, Сырым ауданында 2 жағдай, Теректі ауданында 9 жағдай, Шыңғырлау ауданында 7 жағдай тіркелді.

Тәулігіне 45 жағдай тіркеліп, оның ішінде симптомдары бар 16, симптомсыз 29 жағдайды құрап отыр. 5 жағдай эпидқадағалау мақсатында, 11 жағдай өзін-өзі қарау бойынша, 25 жағдай байланыста болған, 4 жағдай оның ішінде 1 -і проф мақсатында анықталған - деді Мұхамғали Қайыржанұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале