4.07.2023, 11:45
Оқылды: 95

БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтіп жатыр

Дәл қазір қаладағы «Атамекен» өнер ордасында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХV сессиясы өтуде.

IMG-20230704-WA0093

Суретке түсірген Азамат Ұзақов

Оған облыс әкімі, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиев, қала әкімі, аудан әкімдері, облыстық мәслихат депутаттары, ЖОО ректорлары, облыс партияларының өкілдері қатысуда.

IMG-20230704-WA0092

Сессияда ортақ мақсаттар тұрғысындағы ұлт бірлігі мәселелері, атап айтқанда, Әділетті Қазақстанды құру, жүйелі қайта құруларға саяси және қоғамдық серпін беру, мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде ұлттық саясаттың мәнін ілгерілету, түрлі этностардың үлесін ашу, сондай-ақ олардың қазіргі қазақстандық қоғамдағы рөлі талқыланып жатыр.

Құрметті Ассамблея мүшелері! Сессияға қатысушылар! 

Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік!

Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни қисынсыз пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады - деді.

Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады.

Өңірде тұратын 80-нен астам этнос өкілдері «Адал азамат» атағына лайық деп санаймын. Өскелең ұрпақ пен жастарды тәрбиелеу мен дамытуға көп ықпалын тигізетін және өзінің жеке мысалымен жанашырлық сезімін тәрбиелеу арқылы біз үйлесімді қоғам құрудамыз.

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында  облыс аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған 169 – Ақсақалдар кеңесі, 157 – Аналар кеңесі, 14 – жастар қанаты, 3 – Достық үйлері, 7 – Татуласу орталығы, 75 – медиация кабинеті, Ғылыми – сараптама тобы, Кәсіпкерлер қауымдастығы, Журналистер клубы, Еріктілер орталығы жұмыс жасайды, - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.

Кейін сессия отырысы Достық үйінде өтетін форумға жалғасады.

IMG-20230704-WA0094

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда құрылды.

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале