1.08.2024, 16:30
Оқылды: 204

Оралда кісі өлтірген күдікті қолға түсті

Орал қаласында полиция қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

DABF789F-6E6A-40A6-A00D-E2F93522E817

Сурет БҚО ПД-ның баспасөз қызметінен

Қылмыскерді анықтауға қылмыс орнында табылған дәлелдемелер көмектесті. Оқиға болған жерді мұқият тексеру барысында криминалист маман бөлмелердің бірінен криминалистикалық есепке алу мәліметімен тексеру кезінде деректер базасында адамның деректерімен сәйкес келетін дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.

Қылмысқа барған күдікті қаза болған әйелмен көршілес тұрған Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта өтейік, 31 шілде күні Орал қаласындағы жер үйлердің бірінен 1957 жылы туған әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылған болатын.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және Орал қалалық ПБ-ның полиция қызметкерлері дереу жіберілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале