11.05.2020, 12:30
Оқылды: 54

БҚО-да коронавирус жұқпасынан 96 адам емделіп шықты

БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуал туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев баяндады.

IMG-20200511-WA0000

 -Бүгінгі таңда БҚО-да коронавирус инфекциясының 252 жағдайы тіркелді. Соның ішінде сырттан əкелінген 203 жағдай анықталды. Ресей Федерациясынан келген ҚР азаматтарының автобекеттерден өтуі кезінде, яғни төрт автоөткел "Сырым" , "Орынбор", Бөрлі, Тасқала, Жəнібек аудандарындағы өткелдерден облыс аумағына өткен азаматтарға ҚР Бас санитарының қаулысына сай міндетті ем шараларын қабылдау жүргізілуде. Бүгінге дейін Ресейден 158 адам келген, барлығыда облыстық жұқпалыларды емдеу ауруханасында тиісті ем қабылдауда. Сырттан келген шетел азаматтарының жұқпа бойынша тіркелгендері де емделуде. Көршілес облыстағы Теңіз кентінде вахталық əдіс бойынша жұмыс жасайтын азаматтар 20 сəуірден бастап облысқа қайтарылды. Облысқа 2000-ға жуық вахталық əдіс бойынша жұмыс жасайтын азаматтар келді. Азаматтардың 43-нен инфекция анықталды. Өткелден азаматтарды өткізу кезінде арнайы сауалнамалар алынып, сынамалар жүргізілді. Қазір арнайы жұқпалыларды емдеу ауруханасында ем қабылдауда. Одан бөлек көрші облыстан қайтарылған мыңға жуық азамат үй оқшаулануында. Барлығы күнделікті медициналық бақылауда. Ауырған азаматтардың ішінде жазылып шыққан азаматтардың да қатары көбейіп келеді. Емдеу шарасының негізінде 24 сағат ішінде жұқпа бойынша екі рет сынама алынады, егер болымсыз нəтиже белгіленсе үй оқшаулануына жолданады.

     Бүгінгі күнге дейін инфекциядан 96 науқас емделіп шықты. Үй оқшаулануына жолданғаннан кейін азаматтар алдағы он төрт күн бойы күнделікті медициналық ем қабылдауын алады. Коронавирус инфекциясын алдын алуға арналған шаралар əрмен қарай күшейтілген режимін сақтайды, - деді Нұрлыбек Ермекұлы.

 

                   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале