5.11.2021, 17:02
Оқылды: 47

БҚО-да коронавирустан көз жұмғандардың 84,3 пайызы – егде жастағы адамдар

Батыс Қазақстан облысында вакцинациялау жұмысы басталғаннан бері 29 747 адам коронавирус жұқтырса, соның 9520-ы немесе 32 пайызы – алпыс жастан асқандар.

211105141225413a3858293i

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, сол 9520 науқастың 75 пайызы (7131) инфекциялық стационарларда ем алды.

Өкінішке қарай, коронавирустан көз жұмғандардың 84,3 пайызы – егде жастағы адамдар.

Оның айтуынша, облыс бойынша вакцина алғандардың 13 пайызы ғана (30 мыңға жуық) – 60 жастан асқандар.

Күні бүгінге дейін өңірде 239 535 адам вакцинаның І компонентімен егілді. Соның 173 218-і «Спутник V», 13 488- і «QazVac», 24 973-і «Hayat-Vax», 7 717-сі «Corona-Vac», 20 139-ы «Vero Cell» вакцинасын алды.

Оған қоса 218 450 адам ІІ компонентпен егіліп үлгерді. «Барлық тұрғындар үшін екпе алу маңызды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 8-14 қараша аралығында елімізге Pfizer вакцинасы жеткізілмекші.

Қазақстанға 2 млн адамды егуге есептелген 4 млн-дай доза препарат әкелінбекші. Бірінші кезекте Pfizer вакцинасымен жүкті әйелдер мен 12-18 жас аралығындағы балаларды егу жоспарлануда. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың таңдауы бойынша ерікті түрде жүргізілетін болады», деді Г.Әбдірахманова.

Оның сөзіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері індет жұқтырған 39 116 адамның 85 пайызы (33 412) жазылып шықты. Барлығы 822, биыл 653 науқас коронавирустан оңала алмай, қайтыс болды.

Қазіргі кезде 511 науқас амбулаторлық ем алуда. Ал 153 адам 871 төсектік 16 инфекциялық стационарда жатыр.

Бұлардың 13-і жансақтау бөлімшесінде, соның 12-сі ауыр халде. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 9 адам қосылған. Науқастардың 8-і жүрек-қан тамырлары ауруларына, бесеуі қант диабетіне шалдыққан. Ауыр халдегілердің 66,7 пайызы (8) – жасы алпыстан асқандар.

Дереккөз: inform.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале