29 тамыз күні БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері БҚО ПД Көші-қон полициясы басқармасымен бірлескен қызмет атқару кезінде Самара – Шымкент тас жолының 256 шақырымында Үндістанның төрт азаматымен келе жатқан «Toyota alfart» маркалы автокөлігін тоқтатады. Көші-қон полиция қызметкерлері жолаушылардың құжаттарын тексеру барысында олардың ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөліміне сәйкес көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтады.
Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған Үндістан азаматтары осы бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жинақталған материалдар сот органдарына жіберілді.
Жауап алу кезінде аталған азаматтар Астана қаласынан Орал қаласына таксимен келіп, одан әрі Атырау қаласына табыс табу үшін бағыт алғаны белгілі болды.
zhaikpress.kz