1.09.2023, 15:45
Оқылды: 243

БҚО-да үндістандық төрт азамат ұсталды

29 тамыз күні БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері БҚО ПД Көші-қон полициясы басқармасымен бірлескен қызмет атқару кезінде Самара – Шымкент тас жолының 256 шақырымында Үндістанның төрт азаматымен келе жатқан «Toyota alfart» маркалы автокөлігін тоқтатады. Көші-қон полиция қызметкерлері жолаушылардың құжаттарын тексеру барысында олардың ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөліміне сәйкес көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтады.

C862140B-746B-4FF2-BD6E-1409D421EF38

Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған Үндістан азаматтары осы бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жинақталған материалдар сот органдарына жіберілді.

16837368-2C6F-4684-A9B2-4D1255E97E40

Жауап алу кезінде аталған азаматтар Астана қаласынан Орал қаласына таксимен келіп, одан әрі Атырау қаласына табыс табу үшін бағыт алғаны белгілі болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале