Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
БҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері қыркүйектің 23 күні «Переметный - Вечный» тасжолында «Нива» автокөлігін тізгіндеген жүргізушіні тоқтатады.
1984 жылы туған жүргізуші басқарған көлік салонынан 16 қап шаян тәркіленген.
Жүргізуші бұл шаяндарды Бәйтерек ауданы бойындағы өзендерден аулағанын айтқан.
Келтірілген шығын анықталып жатыр.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 335-нің 1-бөлігі (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
zhaikpress.kz