Осыған дейін өңірде «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» әскери-патриоттық акциясы басталғанын жазған едік.
Акция аясында өңірге келген ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы мектептерді аралап, жиындар өткізуде.
Бүгін акция барысында қаладағы №7 ЖОББ мектебінде «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, «Жас Сарбаз» қозғалысының басшылығы, БҚО ҚІЖД жеке құрамы қатысты.
Аталған мектептің оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады.
Олар көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Ата заңы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға уәде берді.
Айта кетейік, өңірде басталған акция ҚР Қарулы Күштерінің оң имиджін және әскери қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру және азаматтарды әскери-патриоттық, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатыр.
zhaikpress.kz