15.11.2023, 17:15
Оқылды: 48

БҚО-да «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қатары толықты

Осыған дейін өңірде «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» әскери-патриоттық акциясы басталғанын жазған едік.

61409177-B4A8-45BA-88FC-6B73059012F8

Акция аясында өңірге келген ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы мектептерді аралап, жиындар өткізуде.

Бүгін акция барысында қаладағы №7 ЖОББ мектебінде «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті.

20C91E62-9D0E-4CE5-BCC4-978B872698E2

Салтанатты жиынға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, «Жас Сарбаз» қозғалысының басшылығы, БҚО ҚІЖД жеке құрамы қатысты.

Аталған мектептің оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады.

1B85CBEE-06B9-4959-92B6-A1E91553AA72

Олар көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Ата заңы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға уәде берді.

F0C10481-BBEF-4C21-9C9B-2C374D5F6DC3

Айта кетейік, өңірде басталған акция ҚР Қарулы Күштерінің оң имиджін және әскери қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру және азаматтарды әскери-патриоттық, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатыр.

C6FD2DD4-63CE-4771-AE2B-3DD2FDFF8597

E99343A8-D5D1-49DA-B392-D97925D5A8AA

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале