БҚО-да тағы да жол апаты болып, төрт адам қаза болды. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды zhaikpress.kz.
«Бүгін шамамен сағат 12:00-де Орал-Кирсанов тасжолында «ВАЗ-2112» және «Лада Гранта» автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері және «Лада Гранта» маркалы автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды.
Сондай-ақ, «Лада Гранта» көлігінің тағы бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда», делінген департамент мәлімдемесінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.