Кеше кешкі сағат 23:05 шамасында «Подстепный–Меловые горки» автожолының 5-шақырымда 46 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Changan» маркалы автокөлігі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, 25 жасар азаматтың басқаруындағы «Volvo» маркалы автокөлігіне соқтығысқан.
Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші және 2011, 1977 жылы туған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сурет, ortalyq.kz сайтынан алынды
@zhaikpress.kz