27.02.2023, 12:15
Оқылды: 14

БҚО-да жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Бүгін «Подстепный-Меловые горки» тас жолының 4-шақырымында 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Volvo» автокөлігі мен 23 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Volkswagen» автокөлігі соқтығысты.

798F7443-6CCE-49BC-8D9E-4F6E0DB5B901

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көліктің 1972 жылы туған жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ауруханаға 3 адам жеткізілді.

C879EBDD-F90F-4BF9-8FB4-5FDAF91D3BFA

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале