23.12.2024, 17:30
Оқылды: 41

БҚО-да жылдар бойы құрылысы тұрып қалған нысандардың мәселесіне нүкте қойылды

Батыс Қазақстан облысында 2020-2022 жылдары басталып, аяқталмаған 55 әлеуметтік нысан тіркелген болатын.

Аталған нысандардың тұрып қалуына мердігерлердің жауапсыздығы, қаржыландырудың тоқтап қалуы, қажетті материалдардың жетіспеушілігі және т.б жағдайлар себеп болды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

photo-output

Алайда 2023-2024 жылдары нысандардың құрылысы қайта жанданып, бүгінгі таңда 53 нысан салынып бітті.

«Атап өтерлігі, нысандардың қатарында – тұрғын үйлер, мектептер, спорт кешендері, су құбырлары және т.б болды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мердігерлерді жауапқа тартып, тиісті қаражат көздерін тауып мәселеге нүкте қойды.

Мәселен, Тасқала ауданында шынықтыру-сауықтыру кешені және Теректі ауданында үш қабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталу керек еді. Алайда түрлі себептерге байланысты құрылыс тоқтап қалғанОблыс әкімінің тапсырмасымен аталған мәселе бойынша тиісті жұмыс атқарылып, биылғы жылы нысандардың құрылысы толықтай аяқталды», - делінген хабарламада.​​

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале