4.10.2023, 10:00
Оқылды: 58

БҚО: «Қазақстан халқына қоғамдық қорының» қолдауымен 12 мектепке робототехника құрылғылары алынған

Қордың «Болашақ инженерлер» бағдарламасы шеңберінде осы жылы ауылдық елді мекендерде орналасқан 12 мектепке «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры атынан робототехника құрылғылары алынып, үйірмелер ұйымдастырылуда. «QH Болашақ инженерлер моноқалаларда» бағдарламасы шеңберінде Ақсай қаласының №1, 3, 7, 8 мектептерін робототехника құрылғыларымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы  БҚО Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мәлімдеді.

WhatsApp Image 2023-10-04 at 07.30.51

Бұдан бөлек осы жоба шеңберінде биыл Бөкей ордасындағы Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы мектеп, Жәнібек ауданындағы Т.Жароков атындағы мектеп, Сырым ауданындағы Қ.Мырзалиев атындағы мектепті жабдықтау жоспарланып отыр. Бұл білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеуді жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген. Қазір екі мектепте жөндеу басталып та кеткен.

«Қазақстан халқына» қорының арқасында «Жаздық сауықтыру және демалыс жолдамасы» әлеуметтік жобасы аясында 895 бала Еуразия туристік-сауықтыру кешенінде демалған.

WhatsApp Image 2023-10-04 at 07.30.52

- Алдағы жылдары  облыстың білім саласына қатысты 4 жоба ұсынып отырмыз. Бұлар ауылдық елді мекендердегі 24 мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту, мектептердің спорттық құрылғыларын жаңарту, мектеп автобустарын сатып алу, саз мектептерінің музыкалық аспаптарын жаңарту. Қор есебінен қаражат бөлініп, аталған жобалар жүзеге асса облыстың білім саласының дамуына елеулі үлесін қосар еді, - дейді білім басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы.

Бұдан бөлек, 2022-2023 оқу жылында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 2 мыңнан астам студент білім беру гранттарының иегері атанған. Соның ішінде БҚО бойынша төрт студент Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, 25 студент Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде, 74 студент М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, 6 студент М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде оқиды.

- Жастарды спортқа баулу, бұқаралық спортты дамыту мақсатында қордың көмегімен спорт кешендері көптеп салынады. Бір ғана Батыс Қазақстанның өзінде  Ақсай қаласында, Ақпәтер, Дарьинск, Бұлан, Қарауылтөбе ауылдарында бес спорт зал ашылды, - дейді «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Диас Бейсенбек.

Жанат Көшкінбай,

Фотосуреттерді Қазақстан халқына қоғамдық қоры түсірген

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале