БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен Департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы лауазымына Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары лауазымында болған азаматтық қорғау майоры Селимов Назарали Гаджимагомедович тағайындалды.
БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Жұмашев Жасұлан Қыдырқожаұлы Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамына Селимов Назарали Гаджимагомедовичті таныстырып, жаңа лауазымына табыс тіледі.
Селимов Назарали Гаджимагомедович 1985 жылдың 14 мамырында Дагестан Республикасы, Сүлейман-Стальский ауданының Күркент ауылында дүниеге келген. Ұлты - лезгин. Білімі – жоғары, 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Өрт қауіпсіздігі инженері біліктілігіне ие. 2009 жылы Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Азаматтық қорғау майоры Назарали Гаджимагомедович Селимов азаматтық қорғау органында 2003 жылдың тамыз айынан бері қызмет етіп келеді. 2009 жылғы мамыр айында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында қызмет бойынша өрт сөндіру бөлімдері басшыларының орынбасарларын әзірлеу бойынша біліктілігін арттыру курсында оқыған. 2011 жылғы қараша айында Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты» ММ өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелерінің басшыларын даярлау курсында, 2014 жылғы қыркүйек айында осы Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты» ММ мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуі кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және оның салдарын жою бойынша дайындық курстарында білімін жетілдірген.
12.08.2003ж.-12.07.2007ж. – ҚР ТЖМ КТИ тыңдаушысы.
12.07.2007ж. - 25.09.2008ж. – Маңғыстау облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Ақтау филиалының Ақтау қалалық жедел кезекшілік жетекшісі, мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі.
04.12.2009ж.-01.06.2011ж. – Маңғыстау облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Ақтау қалалық мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары.
01.06.2011ж.-01.01.2013ж. – Маңғыстау облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Ақтау қалалық №1 МӨСБ бастығы.
01.01.2013ж.-27.10.2014ж. – Маңғыстау облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары басқармасының бастығы.
27.10.2014ж.-17.03.2016ж. – Маңғыстау облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы.
24.03.2016ж.-30.08.2017ж. - Маңғыстау облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары.
46 марапаты бар, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Азаматтық қорғау органдарына қосқан үлесі үшін», «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалдарымен марапатталған.
Үш тілді – қазақ, орыс, лезгин тілдерін жетік меңгерген. Бірнеше рет қазақ тілі бойынша облыстық және республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген, сонымен қатар Астана және Петропавл қалаларындағы республикалық форумдарға қатысты.
Үйленген, 2 баласы бар.
БҚО ТЖД Өрт сөндіру және апаттан
құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
zhaikpress.kz