«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысы лауазымына Нұрмағамбетов Серік Базарұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Серік Базарұлы 1961 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1987 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, 2003 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және басқару институтын бітірген.
Нұрмағамбетов Серік Базарұлы еңбек жолын 1978 жылы Орал электр жүйелері кәсіпорнының электромонтері болып бастаған.
1979-1980 жж. - Саралжын қаракөл кеңшарында ферма шопанының көмекшісі;
1980-1982 жж. - Кеңес әскері қатарында;
1982-1987 жж. - Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтының студенті;
1987-1988 жж. - Қоскөл кеңшарының мал дәрігері;
1988-1989 жж. - Қоскөл кеңшарының комсомол комитетінің хатшысы;
1989-1990 жж. - Қаратөбе аудандық малдәрігерлік бекеті бастығының орынбасары;
1990-1993 жж. - Шөптікөл кеңшарының бас мал дәрігері;
1993-1994 жж. - Қаратөбе аудандық малдәрігерлік бекеті бастығының орынбасары;
1994-1999 жж. - Қаратөбе аудандық малдәрігерлік бекетінің бастығы;
1999-2006 жж. - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаратөбе аудандық аумақтық басқармасының бастығы;
2006-2008 жж. - ҚР АШМ Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының бастығы;
2008-2012 жж. - Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2012-2014 жж. - Теректі ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2014-2016 жж. - Теректі ауданы әкімінің орынбасары;
2016 жылдан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
zhaikpress.kz