13.03.2024, 16:00
Оқылды: 22

Былтыр өңірде 8 078 науқас МӘМС есебінен медициналық оңалту емін алған

Медициналық оңалтуға пациентті емдеуге жатқызу медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары немесе денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша медициналық көрсетілімдер бар болған кезде жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады.

a0fce335-9461-48b9-ba99-f15fe816d814

Медициналық оңалту үш кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезең – аурудың жедел (72 сағатқа дейін) және жіті кезеңдерінде, сондай-ақ операциялық араласулар, жарақаттар кезінде КХ-ға сәйкес негізгі ауруды емдеу шеңберінде мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде (реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі немесе мамандандырылған бейінді бөлімше) медициналық оңалту жүргізіледі.

Медициналық оңалтудың бірінші кезеңі барлық тәулік бойғы стационарларында жүргізіледі.

Екінші кезең – аурудың немесе жарақаттың алғашқы 6 айында жіті және ерте қалпына келтіру кезеңдерінде және медициналық оңалту бөлімшесінде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, мамандандырылған оңалту орталықтарының, көп бейінді стационарлардың оңалту төсектерінде мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық көмек көрсету кезінде, стационарлық (тәулік бойғы) жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде ауру ағымының қалдық көріністері болған кезеңде ұзақтығы күніне кемінде 3 сағат медициналық оңалтуды жүргізіледі.

БҚО бойынша медициналық оңалтудың екінші кезеңі 17 медициналық ұйымда көрсетіледі. Оның ішінде 6-уы қалалық медициналық ұйым, 11-і ауылдық медициналық ұйым.

Үшінші кезең - медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлерде ұзақтығы күніне кемінде 3 сағат мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде, сондай-ақ үйдегі стационарларда, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету арқылы медициналық оңалту жүргізу.

Ал өңірде медициналық оңалтудың үшінші кезеңі 30 медициналық ұйымда көрсетіледі. Оның ішінде 16-сы қалалық медициналық ұйым, 14-і ауылдық медициналық ұйым.

2023 жылы Батыс Қазақстан облысында медициналық оңалту бойынша  8 078 пациент ем алған.  Соның ішінде медициналық оңалтудың екінші кезеңінде  2 399 пациент, үшінші кезеңінде  5 679 пациент ем алған.

Сонымен қатар 2023 жылы медициналық оңалтудың үшінші кезеңінде, амбулаториялық жағдайда 305 054 қызмет көрсетілген.

 

Сымбат Қыпшақбай,

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

БҚОФ бас сарапшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале