23.01.2023, 11:15
Оқылды: 34

Енді Мемлекеттік туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

Қазақстанда рәміздерді қорлау дерегі үшін 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Биылдан бастап 1 АЕК 3 450 теңге, демек 3 000 АЕК 10 350 000 теңгені құрайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

IMG-20230123-WA0006

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің "Мемлекеттік рәміздерді қорлау" туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді”, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Вице-министрдің сөзінше, 2022 жылы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы атап өтілді. Елімізде атаулы мерекеге орай 500 мыңнан астам түрлі іс-шара ұйымдастырылған. Сондай-ақ Президент қолдауымен 2022 жылы 4 маусымда республика бойынша сағат 10:00-де Мемлекеттік Әнұран орындалды, Мемлекет басшысының қатысуымен ең биік Туды көтеру іс-шарасы өтті.

Еске салсақ, былтыр 25 мамырда Алматыда "Ирина Кайратовна" мен Shiza концертінде топ мүшелері туға құрмет көрсетпей, сахнада балағат сөздер айтқан еді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале