Еуропада эпидемиологиялық жағдай өте күрделі күйінде қалып отыр.
Ұлыбританияда тәулік ішінде індет жұқтырған 58 мыңнан астам адам анықталды.
Корольдіктің санитария билігі коронавирустың омикрон атты жаңа штамы желтоқсанның ортасына қарай бәрінен басым болуы мүмкін екенін теріске шығармайды.
Билік британдықтарды тез арада ковидке қарсы бустерлік вакцина салдыртып, үшінші екпенің омикрон жұқтыру қаупіне қарсу тұруға шақырды.
Португалияда 18-19 желтоқсан күндері 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы екпе салу жоспарланып отыр.
Вакцина бірінші кезекте ілеспе ауруы бар балаларға егіледі.
Коронавирус инфекциясы тарала бастағаннан бері 10 миллион халқы бар Португалияда вирус жұқтырудың 1,18 млн астам жағдайы тіркеліп, инфекциядан 18,6 мыңнан астам адам көз жұмған.
Германияның денсаулық сақтау саласына ауыр салмақ түсті.
Мюнхендегі ірі ауруханалардың жансақтау бөлімінде жатқан пациенттердің төрттен үш бөлігі - ковидке шалдыққан науқастар.
Бас дәрігердің айтуынша, вирусқа қарсы екпе салдыртқандар көп болса, мұндай жағдай орын алмайтын еді.
Жұма күні ел парламенті бірқатар кәсіби топ өкілдері, соның ішінде аурухана қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындарын міндетті вакциналау туралы заң жобасы мақұлданды.
Дереккөз: ҚазАқпарат