22.11.2021, 10:40
Оқылды: 78

Еуропада COVID-ке қатысты жаңа шектеулерге қарсы наразылықтар басталды

Бірқатар Еуропа елдері коронавирус шектеулеріне қарсы наразылық шарасын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

photo_90104

Бельгия полициясы Брюссельде наразылыққа шыққандарға көзден жас ағызатын газ қолданды, олар полицияға жауап ретінде тас пен түтін бомбаларын лақтырды. Қала билігі мақұлдаған акция Бельгия астанасының Солтүстік вокзалынан басталды. Жергілікті полицияның мәліметінше, Брюссель көшелеріне 35 мыңға жуық демонстрант шықты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале