
Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 200-ден астам арнайы техника су сору және қар шығару жұмыстарымен айналысып жатса, көктайғақтың алдын алу мақсатында арнайы бригадалар қала көшелеріне құм-тұз қоспасын себуде.

Өткен түні қала аумағынан 1 211 текше метр су, 1 524 текше метр қар шығарылды.
Сонымен қатар су сору жұмыстарына 20-ға жуық вакуум-автомашина жұмылдырылған.



zhaikpress.kz