1.10.2022, 21:17
Оқылды: 181

Қарты бар үйдің қазынасы бар

1 қазан – Халықаралық қариялар күні аясында ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Сарсенов Жәнібек Қайырбекұлы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ардагерлер кеңесімен бірге Ұлттық ұлан ардагері, запастағы полковник Пунгин Сергей Никалаевичті айтулы мерекемен құттықтады.

B5BC34E5-0FF0-4E91-BB75-496CE4F4CD6B

Сергей Никалаевич Ішкі әскер қатарында көптеген жылдар бойы қызмет атқарып, 1999 жылы бригаданың медициналық қызметінің бастығы лауазымынан зейнетке шыққан. Қазіргі таңда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттеріне сабақ беріп, өз тәжірбиесімен бөлісіп жүр.

03188467-36C8-4BFE-9FAF-7C2DBB66612E

– Сізді қариялар күнімен 5517 әскери бөлімінің жеке құрамы атынан шын жүректен құттықтаймын! Өмірлік тәжірбиеңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің орны әрқашанда біз үшін маңызды. Сіздің еліміздің өсіп, өркендеуіне қосқан үлесіңіз бен еңбегіңіз ерен. Талай жас сарбаздар мен сардарларды тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіз. Бүгінгі күні көп жылдар бойы жасаған еңбегіңіздің зейнетін көріп отырған шақта, өз тәжірбиеңізді жастармен бөлісіп нағыз азаматтықтың үлгісін көрсетіп келесіз. Біз сіздің тағылымды, өмірлік тәжірбиеңізді жоғары бағалаймыз. Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыңызға бақыт, береке тілейміз, - деді подполковник Сарсенов Жәнібек өз құттықтауында.

Ардагер Пунгин Сергей Никалаевич өзін айтулы мерекемен құттықтап келген ұландықтарға ризашылығын білдіріп, жауынгерлік қызметтеріне толағай табыс тіледі.

Капитан Әубакир Ертуған,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале