25.06.2021, 16:51
Оқылды: 319

Кәсіподақ ақпарат саласының мамандарын құттықтады

25 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айдар Батырханов өңірдегі ең ірі медиахолдинг “Жайық Пресс” ЖШС ұжымын 28 маусым – Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

456

2003 жылы облыстық “Орал өңірі”, “Приуралье” газеттерінің редакцияларын біріктіру арқылы коммуналдық кәсіпорын болып құрылған мекеме 2006 жылы “Жайық Пресс” ЖШС болып қайта бой көтерген болатын.

Бүгінгі таңда аталмыш медиахолдинг өңірдегі барлық жаңалықтарды облыс, республика көлемінде тарататын ең ірі ақпараттық орталық. Кәсіпорын жанынан ашылған бастауыш кәсіподақ ұйымында бүгінгі күні 136 кәсіподақ мүшесі бар.

Мереке қарсаңында облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Айдар Батырханов “Жайық Пресс” ЖШС бас директоры Табылғали Сапаровты және бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді жетекшісі, өңірге белгілі журналист, сценарист Есенжол Қыстаубаевты құттықтап, шипажайға жолдамалар табыстап, облыстық “Орал өңірі”, “Приуралье” газеттеріне жазылу бойынша қолдау білдірді.

123

Еске сала кетейік, ҚР Кәсіподақтар федерациясынан бастау алған “Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйым” республикалық байқауының облыстық іріктеуінен аталмыш сала бойынша үш үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы өткен болатын.

Соның бірі – “Жайық Пресс” ЖШС қызметкерлерінің кәсіподағы. Облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы барлық ақпарат саласының мамандарын мерекелерімен құттықтай отырып, кәсіподақ қозғалысының ақпараттық таралымына үлес қосып жүрген медиахолдингтің құрамына кіретін облыстық, аудандық газеттер мен сайт, порталдарының редакторларына, жалпы еңбек ұжымына өзінің алғыс-тілегін жолдады.

 

“БҚО Кәсіподақтар орталығы” АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале