9.07.2021, 19:29
Оқылды: 376

Кәсіподақ мүшелері сот өкілдерімен кездесті

9 шілдеде zoom платформасында “Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен "Еңбек дауын соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу" тақырыбында кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізілді.

8B092FBD-2385-4BB6-861C-04BFB688E8C9

Кездесуде кәсіподақ орталығының мамандарынан, салалық, бастауыш кәсіподақ мүшелерінен, әлеуметтік әріптестерден құралған жалпы саны 60-тан астам қатысушылар болды. Онлайн жиынның спикері, Орал қаласының №2 сотының судьясы Айнұр Кенжебекова “Еңбек дауын соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу” туралы айтып өтті. Кездесу барысында қатысушылар еңбек қатынастарына қатысты шиеленістерді, еңбек ұжымындағы Келісім комиссиясының жұмысы жөнінде және ұжымдық шарттың өзекті, өзгеріске жиі ұшырайтын пункттері туралы сұрақтарын қойып, еңбек қатынастарына қатысты мәселелерімен бөлісіп, қажетті кеңестер алды.

Сонымен қатар Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы, кәсіби медиатор Махамбет Сұлтанғалиев ағымдағы жылы Кәсіподақтар орталығымен бірге атқарылған құқықтық шараларға тоқталып, кәсіподақ мүшелерінен келіп түскен арыз-шағымдарды сараптады.

Кездесу соңында облыстық Кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Бауыржан Атауов өз сөзінде “Медиация” туралы ұғымның әлі көпшілік арасында кең етек алмағаны және соның салдарынан арызданушылардың біраз жерден ұтылып қалатынын айтып өтті. Кәсіподақ өкілі бұл орайда, шара қатысушыларын құқықтық сауаттылықты арттыруға шақырды. Сондай-ақ қазіргі таңда Кәсіподақ орталығы жанынан жұмыстанып жатқан “Заң клиникасы”, “Медиация” кабинеттерінің қызметтері жөнінде және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар орталығы тарапынан белсенді жүргізіліп жатқан құқықтық оқулары туралы ақпараттармен бөлісті.

“БҚО Кәсіподақтар орталығы” АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале