16.09.2022, 12:30
Оқылды: 194

Қазақстан-Ресей шекарасында тәркіленген 357 мың қорап темекі өртелді

Солтүстік Қазақстан облысында 357 мың қорап контрафактілі темекі өнімі өртелді. Оны ҚР азаматы Ресейден заңсыз кіргізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, 2020 жылдың 8 қазанында Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Қарақоға» автомобиль өткізу пунктінде қызметкерлер автомобильді тоқтатқан. Көліктен акциз маркасы жоқ 357 мың қорап темекі табылды.

«Айыпты істі оның қатысуынсыз қарау жайында өтініш жазып, сот отырысына қатысқан жоқ. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 283-бабы 2-бөлігіне сәйкес («Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы») заңды бұзған жеке тұлғалар акцизделмеген тауары тәркілене отырып, 50 АЕК (1 АЕК 3180 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен жауапқа тартылады. Осыған орай сот көлік жүргізушісін кінәлі деп тауып 153 мың теңге айыппұл салды», - дейді СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Елена Белоус.

Ал тәркіленген темекінің ірі партиясы өртеліп, көзі жойылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале