2.12.2022, 15:30
Оқылды: 105

Қазақстанда ковидке қатысты шектеу енгізу жоспарда жоқ - министр

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирустың таралуына қатысты шектеу енгізу жоспары туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20221202-WA0031

«Ковид шектеулері туралы айтатын болсақ, Қытайдағы қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Пандемия басталғаннан бері Қытайда өте қатаң шектеу шаралары қабылданды. Осы орайда, олар инфекцияны оқшаулауға қатысты шектеу іс-шараларына ерекше мән берді. Қазір Қытайдағы ұжымдық иммунитет қандай деңгейде екенін айта алмаймын. Оларда ауру шыққан жерлерде шектеу іс-шаралары қабылданады. Бұған халық өз наразылығын білдіріп жатқан болар», - деді А. Ғиният Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

«Елімізде 10 миллионнан астам адам вакцина салдырғанын, бес миллионнан астам адамға қайта вакцинациялау жүргізілгенін, ұжымдық иммунитет қалыптасқанын, сондай-ақ омикронды адамдар жеңіл еңсеріп жатқанын ескере отырып, ел аумағында шектеу іс-шараларын енгізу жоспарланбаған», - деді министр.

Бұған дейін хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда анықталған коронавирустың «цербер» штамының ерекшеліктерін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале