Әлеуметтік желілерде нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинасыз перзентханалардан шығармайтыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевқа сілтеме жасап.
«Біздің елімізде де, әлемде де жаңа туған нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқан жоқ.
Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға ғана COVID-19-ға қарсы вакцина салынады. Рұқсат етілген вакцина – Pfizer/BioNTech шығарған Comirnaty.
Оны ДДСҰ мақұлдады. Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді тек олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының ерікті келісімімен ғана вакцинациялайды»,-делінген ресми өкіл таратқан мәліметте.