15.02.2022, 15:15
Оқылды: 89

Қазақстанда перзентханада сәбилерге COVID-19-ға қарсы вакцина егіледі деген ақпарат- жалған

Әлеуметтік желілерде нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинасыз перзентханалардан шығармайтыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевқа сілтеме жасап.

200116024636003e

«Біздің елімізде де, әлемде де жаңа туған нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқан жоқ.

Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға ғана COVID-19-ға қарсы вакцина салынады. Рұқсат етілген вакцина – Pfizer/BioNTech шығарған Comirnaty.

Оны ДДСҰ мақұлдады. Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді тек олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының ерікті келісімімен ғана вакцинациялайды»,-делінген ресми өкіл таратқан мәліметте.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале