6.10.2023, 17:45
Оқылды: 76

Қазақстандық әскерилер Қырғызстандағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатысады

Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметкерлер ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық – 2023» оқу-жаттығуына барады.

Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады. Оқу 6-13 қазан күндері Қырғызстан республикасы қарулы күштерінің оқу-жаттығу орталығының полигонында Балықшыда өтеді.

606dbbcaac249888cb7923d963d27de4_1280x720

Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысады. Оқу-жаттығудың негізгі міндеті – бейбітшілікті сақтау жөніндегі операцияны жүргізу кезінде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің әскери контингенттерінің үйлесімділігін арттыру.

407f63cb391f1a1dea3aa5c670ea69ee_1280x720

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамы тартылады.

Оқу-жаттығу шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер автомобиль және бронды техникамен Алматыдан Балықшы қаласы бағытына қарай жүріп өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале