6.02.2022, 9:40
Оқылды: 94

Қазақстанның саперлары оқ-дәрілерді утилизациялау машықтарын жетілдіріп жатыр

Қарулы Күштерді минасыздандыру орталығында инженерлік-саперлік роталардың командирлерімен жиын өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

220205175039253e

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығына әрі қарай сақтауға қауіпті және пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілерді жою мен оларды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету шараларын іске асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

2021 жылы Мемлекет басшысы «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын бекітті. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңға әскери қоймаларда одан әрі ұстау нақты қауіп төндіретін оқ-дәрілер айналымының нормаларына, ерекшеліктеріне қатысты толықтырулар енгізілді.

Заңнамадағы қабылданған өзгерістер қорғаныс ведомствосына өз бетінше жарамсыз оқ-дәрілерді жоюмен айналысуға мүмкіндік береді. Биыл көктемде оларды кәдеге жарату жұмыстары басталады, оларға Қарулы Күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері тартылатын болады.

Жиын барысында инженерлік әскерлердің офицерлері инженерлік, авиациялық, артиллериялық оқ-дәрілердің негізгі түрлерін және олардың ерекшеліктерін зерделеу сабақтарын өткізеді.

Тәжірибе сабақтары «Жағалау» оқу-жаттығу полигонында өтеді. Арнайы жабдықталған қалашықта саперлер жергілікті жерді жарылыс қаупі бар қалдықтардан тазарту, оның ішінде оларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөнінде оқу тапсырмаларын пысықтайды. Қалдықтарды жару жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды. Жұмыстар инженерлік қару-жарақтың заманауи құралдарын пайдалана отырып жүргізілуде.

Теориялық және практикалық сынақтарды тапсыру арқылы жеткілікті білім деңгейін растай отырып, жиынға қатысушылар одан әрі жұмыс істеуге рұқсат алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале