Батыс Қазақстан облысында 443 төсектік 11 инфекциялық стационарда 4 науқас қана қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, олардың бәрі де Орал қаласындағы ауруханаларда емделуде.
Соның ішінде біреуі ауыр халде, жансақтау бөлімшесінде инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Жыл басынан бері 43 адам коронавирустан көз жұмды. Соңғы аптада індеттен қайтыс болғандар тіркелген жоқ.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, осы кезге дейін 274 245 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 66,1 пайызы.
Соның 264 508-і (63,8 пайызы) екінші компонентпен егілді.
Облыс бойынша 70 898 адам ревакцинациядан өтті.
Pfizer компаниясының вакцинасын 10 887 адам алса, соның 416-сы – жүкті, 4 821-і – бала емізетін әйелдер, 5 639-ы – жасөспірімдер, 11-і – мүгедектер, екеуі – шетелге ем алуға жолдама алғандар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 70 мыңға жуық адамның ревакцинациядан өткенін жазған болатынбыз.