15.02.2020, 11:56
Оқылды: 112

Биыл БҚО-да 400 шақырым жол жөнделеді

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі басталды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтөлешов, облыстық басқарма, департамент басшылары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысуда. 

acc9ffdb-98ea-4322-8e04-014a39e2d2ac

Ғали Есқалиев  кездесуде жол мәселесіне де айырықша мән берді.

5c0fad20-ef9a-47d2-a6ea-4d34a9dfff9c

-2018 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Казталов, Жәнібек және Бөкейордасы аудандарына жол салуды тапсырған болатын. Жолдың жалпы ұзындығы 245 шақырым. 2019 жылы 18 шақырым жөнделсе, осы жылы 100 шақырымнан астам жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз.​ Сондай-ақ биыл облыста «Самара-Шымкент» республикалық автожолының 150 шақырымы жөндеуден өтпек. Жасыратыны жоқ, жол сапасы бойынша біз соңғы орындамыз. Облыстық және аудандық маңызы бар 5 мың шақырым жолдардың тек 31% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Айта кетелік, былтыр 11 млрд. теңгеге 145 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жолдар жөнделді. Ал ауылішілік жолдар бойынша Теректі, Ақжайық, Шыңғырлау, Бөрлі, Казталов және Бәйтерек ауданы орталықтарында 24 шақырым, Орал қаласында 13 көшеде 22 шақырым автожол жөндеуден өтті. Жалпы өңір бойынша былтыр 27 млрд. теңгеге 360 шақырым жол ​ жаңартылды. Биыл жалпы өңір бойынша 400 шақырым автожол жөнделеді. Әрі халық тарапынан жиі көтерілген облыстық маңызы бар «Барбастау-Ақжайық-Индер» жол бөлігінің 50 шақырымын жөндеу де ​ басталады. Осы ретте «Орал-Атырау» республикалық тас жолын кеңейтуге жобалық-сметалық құжаттама жасақталу үстінде, - деді облыс әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале