2021 жылы Оралда бағбандық істі дамытып, бау-бақша егуді жандандыру және жас ұрпақты еңбекке баулу мен қаламызды көркейту мақсатында «Менің аулам — менің бағым» жобасы қолға алынған болатын.
Аталмыш жоба аясында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Мәдени - ағарту бірлестігінің ұйымдастырумен қала аумағындағы аула клубтар мен комьюнити орталықтарында «Жасыл желек әлемінде» атты бау-бақша өсіру еңбек лагерлері ашылды. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Ет комбинаты аумағындағы «Арай» комьюнити орталығындағы, Желаев селолық округінде «Ақ берен» комьюнити орталығындағы, Круглоозерный кентінде «Шұғыла» балалар аула клубындағы және Деркөл кентінің Ынтымақ ауылының «Болашақ» балалар аула клубындағы еңбек лагерлері екі жылға жуық уақыт бойы жұмыс жасап келеді.
Еңбек лагеріне орталықтардан 100-ге жуық тәрбиеленуші қатысып, алма, өрік ағаштары және қызанақ, қияр, бұрыш, пияз, қызылша, аскөк, баялды секілді көкөністер екті.
Олар осы өнімдерді күтіп ұстап, суарып отырады.
zhaikpress.kz