15.05.2023, 15:46
Оқылды: 54

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталды

"ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі", - деп хабарлайды ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

4a046d2092f9f900f3f324346bb81993_1280x720

Конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға; неке, жанұяның жақсы жақтарын дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

бірінші – аудандық (қалалық) кезең,

екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.

Өтінімдерді (қажетті құжаттармен қоса), арнайы нысан бойынша, аудандық (қалалық) комиссияларға 2023 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.

Толығырақ: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000181

Конкурсты ұйымдастырушылар – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.

Қосымша сұрақтар бойынша +7 702 405 4894.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале