13.05.2024, 16:00
Оқылды: 90

Орал қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Орал қаласы әкімінің өкімімен Азамат Халелов Орал қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

InShot_20240513_155359867

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азамат Ерғалиұлы 1993 жылы Орал қаласында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «есеп және аудит» және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.

Әр жылдары:

Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы;
Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас инспекторы;
Бөрлі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы;
Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;

Орал қаласы әкімінің кеңесшісі болып еңбек етті.

2023 жылдан бастап Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Азамат Ерғалиұлы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, жолаушылар көлігі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің қызметіне жетекшілік етеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале