Ауа райының қатты ысуы қалалықтарды да, далалықтарды да біраз әбігерге салды. Далада өрт шығып, төтеншеліктер қызыл жалынмен алысып жатыр. Ал қалада электр сымдары үзіліп, біраз аудан жарықсыз отыр.
Қазірдің өзінде қалада 2000-ға жуық абонент жарықсыз қалды.

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Строитель, Еткомбинаты, Ескі әуежай және төртінші шағын аудандары жарықсыз отырғанын мәлімдеді.
- Қазіргі уақытта апатты жою үшін 52 қызметкерден тұратын 14 бригада жұмыс істеп жатыр, - делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
zhaikpress.kz