26.06.2023, 17:15
Оқылды: 100

Орал қаласының 37 жастағы тұрғыны іздестірілуде

Орал қаласының 1986 жылы туған тұрғыны (37 жаста) Бондар Наталья Николаевна 20 маусым күні сағат 09:45-те Махамбет-Исатай көшесіндегі үйінен шығып кеткеннен осы уақытқа дейін оралмаған. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет:batys.info

«Жоғалған азаматшаның бойы 160-165 см, шашының ұзындығы орташа, қоңыр түсті. Көздерінің түсі – көк. Соңғы рет үйден кеткенде үстіне сары түсті көйлек киген. Бұрын да үйден кетіп қалған жағдайлар болған. БҚО ПД кезекші бөліміне хабарлама 23 маусым күні келіп түсті. Қазіргі уақытта Полиция департаментінің қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізуде», деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған жайтқа қатысты қандай да бір ақпарат білер болсаңыз Орал қ. ҚП кезекші бөліміне 8-7112-28-33-96, 21-17-19 телефондары арқылы хабарласуға болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале