Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласының мектептері жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықталды. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру» бағдарламасы бойынша биыл 43 кабинет алу жоспарланған.
Атап айтқанда, ағылшын тілі кабинеті – 1, қазақ тілі кабинеті – 1, тарих кабинеті – 3, бастауыш сынып – 2, СТЭМ кабинет – 2, фольклор кабинеті – 1, АӘД – 1, психолог кабинеті – 1, инклюзия кабинеті – 1, биология кабинет – 2, информатика кабинеті – 3, математика кабинеті – 6, физика кабинеті – 3, химия кабинеті – 4, география кабинеті – 6, еңбек кабинеті – 4, кітапхана – 1 және мұғалімдерге арналған кабинет – 1.
Модификациялық үлгідегі кабинеттер №1, 2, 4, 6, 7, 10, 13, 17, 20, 21, 22, 24, 30, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 45, 46, 47, 49 және Круглоозерный мен Серебряков мектептеріне қойылған. Сонымен қатар білім беру ұйымдарына қосымша пәндік жабдықтар алынып жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы мектептерге жалпы саны 67 кабинет сатып алынған болатын. Заманауи талапқа сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – білім беру сапасын жақсартуда оң ықпалын тигізетін маңызды фактор.