13.02.2023, 12:15
Оқылды: 46

Орал халықаралық әуежайы үш жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілді

Орал халықаралық әуежайын жаңа инвестор дамытатын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Менеев айтты.

9B86E48F-7F82-4E90-85BE-BF6EFF3ED44D

– «Орал қаласының халықаралық әуежайы терминалын реконструкциялау және жаңғырту» инвестициялық жобасы аясында «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ мен «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС арасында 2018 жылдың наурызында бірлескен қызмет туралы шарт (консорциалды келісім) жасалды. Оның аясында «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС жолаушылар терминалын яғни, әуежай ғимаратын әзірленген жобалау-сметалау құжаттамасымен «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-ның меншігіне берді және «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ қаржылық қаражат тартып, кейін «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС-нің сенімді басқаруына берумен реконструкциялауды жүзеге асырды. «Aqjaiyq» ӘКК» акционерлік қоғамы жер қойнауын пайдаланушы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясынан өңірді дамытуға бөлінетін әлеуметтік аударымдар есебінен инвестициялар тарту жолымен әуежай терминалының ғимаратын реконструкциялауды және жаңғыртуды жүзеге асырды. Терминал ғимаратын реконструкциялау аяқталғаннан кейін, «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ 2022 жылғы 6 сәуірдегі Мүлікті сенімді басқару шартына сәйкес реконструкцияланған нысанды 3 жыл мерзімге «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС-нің сенімді басқаруына берді, - дейді Айдар Қазбекұлы.

Оның айтуынша, соңғы жылдары «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС-ны басқаруға мамандандырылған серіктестерді іздеу жұмыстары белсенді жүргізілген. Аталған жұмыстың нәтижесінде әуежайларды дамытуда тәжірибесі бар «Орал Аэропорт Холдинг» ЖШС басқарушы компаниясы инвестор ретінде тартылған.

FD20B2D9-E95C-4E15-BECE-334D1A8CA598

«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұржан Өтепбаевтің айтуынша, әуежайдың стратегиялық нысан ретінде қызметі және оны басқаруға қатысты жағдай мемлекеттің бақылауында, алаңдауға еш негіз жоқ.

«Күні бүгін стратегиялық маңызы бар нысандар мемлекеттің меншігінде, атап айтқанда: ұшу-қону жолағы – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің теңгерімінде және жолаушылар терминалы (әуежай ғимараты) – «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ теңгерімінде. «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС жаңа меншік иелерінің табысты тәжірибесі мен қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа басқарушы компанияның алдына М.Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайын және оның инфрақұрылымын келесідей шараларды жүзеге асыру жолымен одан әрі дамыту бойынша міндеттер қоятын боламыз:

- халықаралық әуежайдың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жабдықты орнату («Янтарь» радиоактивті материалдарды анықтаудың стационарлы жүйесі, ленталы транспортер, контейнерлер мен паллеттерді тасымалдауға арналған тележкалар);

- халықаралық әуежайды материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту (жолаушыларды ұшаққа/ұшақтан жеткізуге арналған автобустар, жолаушыларды тасымалдауға арналған амбулифт орнату);

- БҚО тұрғындарының іскерлік және туристік байланыстарын кеңейту, билеттер құнын арзандату үшін авиакомпаниялар, әуе қатынастары мен бағыттары санын ұлғайту;

- терминалдың жүк авиакаргосын салу және ұйымдастыру мүмкіндігі үшін әуежайдың инфрақұрылымын (рулежка және перрон) жаңғырту;

Жоғарыда аталған міндеттерді шешу нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын құру, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жасақтау (әлемдік белгілі брендтер дүкендерінің аутлеті, туристік бағдарламалар, қонақ үйлер, демалыс аймақтары) жолымен пәрменді экономикалық тиімділік болады деп күтеміз», - деді Нұржан Сапаргелдіұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале