Баланың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде, - деп мәлімдеді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін түскі уақытта болған.
– Бүгін сағат 12:52-де жедел жәрдем қызметіне Астана 20 мекенжайында 5 жасар баланың жоғарыдан құлап кетуіне байланысты шақырту түсті. Оқиға орнына барған жедел жәрдем көлігі баланы жақын маңдағы көпбейінді ауруханаға жеткізді. Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Дәрігерлер медициналық тексерісті жалғастырып жатыр, - деп мәлімдеді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
5 жасар бала терезеден қалай құлап кетті? Баланың ата-анасы қайда болған деген заңды сұрақ туындары сөзсіз. Біз бұл сұрақты полицияға қойдық.
– Дәл қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Толық коментарий кейін болады, - деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметінің бастығы Нұржан Қуанғали.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz