Орал қаласындағы бәйгеден Қазақстан чемпионатының тоғызыншы іріктеу кезеңін "Ұлы Аламан" бәйгеге шыққан сәйгүліктер тәмамдады.
Фото авторы: Мәди Салық
31 шақырымға созылған дүбірлі бұл додада жүлдеге ілініп, жеңімпаз болған тұлпарлармен таныс болыңыздар:
1 орын – "Тахмина" сәйгүлігі, шабандозы – Алинур Еламанов. Ат иесі – Қадырбек Токмурзин. Бапкері-Қадырбек Токмурзин (Қостанай облысы);
2 орын – "Ұлытау", шабандозы – Арнұр Баян. Ат иесі – Талғат Жакеев. Бапкері – Даулет Сартаев (Маңғыстау облысы);
3 орын – "Асылторы", шабандозы – Әли Қалқамжай. Ат иесі – Нұрлан Мұхтаров Бапкері – Нұрлан Мұхтаров (БҚО).
4 орын. "Бәйтерек", шабандозы – Исламнұр Ертөс. Ат иесі – Оразбаев Алмаз. Бапкері – Түкенов Мақсат (Астана қаласы);
5 орын – "Мальчик", шабандозы – Нұрислам Мәлік. Ат иесі – Игібай Айтмұқашев. Бапкері – Айбарыс Миразат (БҚО).
Бәйге федерациясы